Болашак созине матин курап бериндерши

3108200614041976 3108200614041976    1   06.05.2020 13:20    1

Ответы
mprodeus99p0812l mprodeus99p0812l  14.10.2020 08:28

Ет қызумен қарызға келген бар нүктені шашып бітірген Бас әріптің әбден басы қатты. Тоқтай алмағаны өз алдына, өтеуі қиын қаншама борышқа батты!.. Соны уайымдап, ұйқысы қашты. Оның үстіне мына қойдай топырлаған көп әріп тоқтай алмағандарына, берекесі кеткендеріне кінәлі деп, бұған біраздан бері қатты наразы екен. «Мәтінді қайта бастау керек» деген күңкілді, саңырау емес қой, құлағы шалып та жүр. Ең жаманы – топ-топ болып жасырын-ашық ұйымдасып, әр топ өз араларынан бір-бір әріпті бас қылып, мұның орнын көздеуге көшкен. Ойлары – солардың бірін бұның орнына Бас әріп қылып сайлап, далиып, жойдасыз жайылып кеткен ұшы-қиыры жоқ мағынасыз мәтінге нүкте қойып тоқтату. Бас әріптік лауазымнан үміткерлер болашақ жаңа мәтіннің мазмұнын белгілеп, бағдарламасын жасап та қойған-мыс. Айтуларынша, о бастан мазмұны айқын мәтін ғана жақсы басталып, сәтті аяқталмақ. Айқын, терең, сара сөз ғана  керекті нүктені өзі таппақ екен. Міне, мәселе қайда!.. Осының алдын алмақ болып, бұл шұғыл әрекетке көшкен – өте-мөте белсенді наразылық көрсетіп жүргендердің біразын ұстап алып, сұрақ белгілерін тыққан қоқыс қалтасына сүңгітті. Енді біреулерін ерінбей шұқылап, мәтіннен теріп алып, айдалаға қуды. Наразы екеніне көзі жетпесе де, сөз-сөйлем ішінде көбірек қолданылып, жиі көзге түсіп кеткендерді есебін тауып, жан-жаққа лақтырды. Сөйтіп, тоқтар жері, түбі, тиянағы көрінбесе де, Бас әріптің есебінше, әзірге берекесі сүттей ұйып тұрған ұлан-ғайыр, ұшы-қиырсыз ұлы мәтінге іштен іріткі салып жүргендерден жақсы құтылды. Бірақ нәтижесі қуантарлық болмады – аласталып кеткен әріптердің орны үңірейіп, мәтін былыққан қатеге толды. Бас әріп бастаған үшбу жазба енді  ешқашан бітпейтін ғана емес һәм ешкім ештеңе түсініп болмайтын жансыз таңбалардың қоқыған тау-тау үйіндісіне айналды. Ақыры, Бас әріп шаршады... Қырық жыл бойы шұбатып, аяқтай алмаған мәнсіз, мағынасыз, түпсіз-шексіз құрдым мәтінді кез келген жерінен қидалап, қырқып, кітап қылып шығара бастады. Ақпарат құралдарының xабарлауынша, жақында жүз бірдеңесінші томының тұсаукесері өтпек.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Golovagolovin Golovagolovin  14.10.2020 08:28

Қазір алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты.

Ізгілік пен ізденісті тұмар қылған мен жан-жақты білімділікті, шәкіртке деген шуақты көзқараспен қарауды, әр оқушының бойына үңілуді, олардың жан дүниесін түсінуді, мүмкіндік беруді үйреніп келемін. Үнемі шәкірттеріммен тығыз байланыста болып, олардың ойымен санасып, көкейіндегі арманын тыңдап, сол бойынша бағыт-бағдар беріп, дұрыс жол нұсқап, екінші анасы ретінде көмектескенім үшін өзімді ерекше бақытты сезінемін.

Еліміз «Болашақ» бағдарламасы бойынша қаншама талантты, білімді, вундеркинд жастарды шетелдерде оқытты. Оның астарында дамыған елдерді көзімен көрсін, ой түйсін, шешім қабылдасын, Отанына шын мәніндегі патриот болып оралсын деген аталық тілек, философиялық түйін жатыр деп ойлаймын. Қазақтың жолбарыс жүректі батыры, Бауыржан бабамыз: «Жиырма жас – тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған әрқашанда әр азамат әзір болу керек» дейді. Енді соған жастардың атсалысып, белсенді болатын уақыты келді. Мұғалім – ол көшбасшы. Жаңа қоғам мұғалімі – рухани бай, әлеуметтік жетілген, шығармашыл тұлға. Өз ісінің маманы, педагогикалық әдіс – тәсілдердің қолданудың хас шебері. Әрдайым жеке бас дамуына ұмтылатын, болып жатқан заман талабына тез бейімделе алатын жаңа қоғамның дара тұлғасы болу керек. Себебі: мұғалім жаңаша ойлайтын, жоғары білімді шығармашыл тұлғаның қалыптасуы мен дамуына жауапты. Иә, біздің ауданымыздың жас мамандарынан осындай қабілет пен қасиеттерді кезіктіруге болады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi