Биздин отбасымыздагы кундылыктары туралы ангиме

radmirnemyshov radmirnemyshov    2   12.09.2019 18:10    1

Ответы
Diches Diches  07.10.2020 10:09

Біздің отбасымыздағы адамгершілік құндылықтары.

Адамгершілік адам бойындағы асыл қасиет, бұл дегеніміз рухани тәрбиенің бастауы, әдептілік ұғымымен қатар жүретін а ң ең жоғарғы мақсатына бағытталған гуманистік құндылық болып табылады. Адамгершілік басқа сөзбен айтқанда, адамшылдық дегенді білдіреді, яғни бұл қасиет адам бойында ең алдымен отбасында, атап айтқанда ата – ананың үлгісі мен тәлім – тәрбиесінің арқасында қалыптасады.

Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық және т.б.

Адамгершілік адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.

Біздің отбаымызға келер болсақ, біздің үй "қара шаңырақ" саналатындықтан біз ата-әжемізбен бірге тұрамыз, ал ол кісілер нағыз тәрбие мен өнегенің бастауы, үнемі бізге өмірден көрген-түйгендерін үйретіп, бізді салиқалы ұрпақ етіп тәрбиелеуде үлкен рөл атқаруда. Сол кісілердің ғибратты әңгімелерін тыңдап, үлгі-өнегесін бойымызға сіңіріп, нағыз адамгершілігі мол ұрпақ болып қалыптасатынымызға сенімдімін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi