Биылғы форум жаһандық сын-тегеуріндерге лайықты жауап табу мәселелерін қарастырады. Форумда осы салалардың білікті
мамандары жиналып отыр. Олардың сөзін тыңдау, ұсыныстарын
пайдалану біз үшін қашанда маңызды,
деді Елбасы.
Ғаламшар тұрғындары саны жылдам өсіп келеді... Қарқынды
демографиялық өзгерістерге байланысты туындаған мәселелер
тиісінше күрделі шешімдердің қабылдануын талап етеді. Үстіміздегі
ғасыр ортасына қарай Жер шарын мекендейтін 10 миллиард халықты
азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қазіргі деңгейден 60 пайызға
көп азық-түлік өндіруге тура келмек. Ал ғаламшардағы базалық
ресурстың шектеулі екендігін, әсіресе таза су тапшылығының жыл
санап артып бара жатқанын ескерсек, бұл – оңай міндет емес. Бұл
проблеманы еңсеру үшін ауылшаруашылық секторын экономиканың
ең озық технологиялық саласына айналдыру керек.
Таяу болашақта әдеттегі еңбек күшінің 80 пайызын робот-
тандырылған жүйелер алмастыратын болады. Қазіргі таңда кәсіп-
орын үшін жұмыс күшінің арзандығы емес, білікті қызметкер-
лердің болуы маңыздырақ. Бұл мәселенің басты шешімі
білім
беру жүйесін реформалау. Білім беру ісінде креативті ойлау,
қажетті ақпаратты таба білу, оны ұтымды пайдалану машықтарын
үйретуге көшу керек. Техникалық прогрестің жылдамдығы қазіргі
адамнан бірнеше мамандықты меңгеруді және өмір бойы білім алуды талап етеді. Біз бұл сынаққа дайындалдық және әлі де дайындық үстіндеміз.

Мәтідегі ақпаратты пайдалана отырып, Әлемге ортақ жаһандық мәселелер, олардың туындау себептері деген тақырыпта шағын ойтолғау жазыңдар​

Марина36843 Марина36843    2   27.10.2020 10:23    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi