Биотехнология туралы мәтіннің тезисін жазып беріңдершіі​

sapphire11 sapphire11    1   18.02.2020 23:27    1

Ответы
alexaaa2 alexaaa2  11.10.2020 08:11

биотехнология кез келген өнім­ді жасап шығаруда немесе кез кел­ген технологиялық өндірісте сапа­лы әрі таза өнім алу үшін тірі ағзаны қолдану үдерісі дегенді білдіреді. Мы­салы, оған күнделікті тәжірибе­міз­де бұрыннан бар үдерістерге сүттің ашуын, қышқыл сүтті өнімдердің алы­нуын, яғни айран, шұбат, қымыздың алынуын жатқызуға болады. Немесе ірімшік, шарап, сыраны дайындау барысы. Бұл үдерістерді адамзат бағзы заманнан қолданып келе жатқаны аян. Міне, бұл ең қарапайым биотехнология. Адамдар осыған дейін бұл үде­рістердің принципін түсінбестен қол­данып келген. Шарап және сыра өн­дірісінде қантты ашыту барысында спирт­ке, сүтті қышқыл өнімдерге ай­нал­дыратын бактериялар бар екендігінен бейхабар болған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi