Биология Көз рецепторлары көз мүшесінің қай жерінде орналасқан?
1) шыны тәрізді денеде
2) тамырлы қабатта
3) торлы қабатта
4) көз бұршағында
18. Құстардағы зат алмасудың жоғары деңгейлі болуының себебі неде?
1) екі қанайналым шеңберінің болуы
2) артериальды және венозды қандардың толық бөлінуі
3) жүректің ритмикалық жұмысы
4) қарынша мен құлақша арасында клапандардың болуы
19.Қозғалу кезінде буындағы сүйектердің бір-бірімен қажалуын азайтатын не?
1) буын қапшығы
2) буын ішіндегі қарама- қарсылық қысым
3) буын сұйықтығы
4) буын шеміршектері
20. Иірім түтіктерінде болып жатқан өзгерістер неге әкеліп соқтырады?
1) бастың айналуы мен тепе-теңдіктің бұзылуына
2) ортаңғы құлақтың қабынуына
3) есту қабілетінің нашарлауына
4) сөйлеу қабілетінің бұзылуына
21. Өсімдіктің белгілі бір тұқымдасқа тиесілігінің негізгі көрсеткіші не?
1) тамыр жүйесінің құрылысы
2) жапырақтарының жүйкеленуі
3) гүл және жемісінің құрылысы
4) сабағының құрылысы
22.Торлы қабықшада не орналасқан?
1) көз бұршағы
2) көз қарашығы
3) көз қантамырлары
4) көз рецепторлары
23. Аш ішектің бүрлері арқылы қандай заттар сіңіріледі?
1) глюкоза мен аминқышқылдары қанға өтедіі
2) глицерин мен май қышқылдары қанға өтеді
3) барлық қоректік заттар қанға өтеді
4) барлық қоректік заттар бірінші лимфаға,сосын қанға өтеді
24.Жүйке жүйесінің құрылымдық және функциональдық бірлігі не?
1) жүйке ұлпасы
2) нейрон
3) нерв түйіндері
4) нервтер
25.Адам ағзасындағы гормондардың қызметі:
1) химиялық реакцияларды тездетеді
2) ферменттердің түзілуіне қатысады
3) қорғаныш қызметін атқарады
4) тіршілік әрекеттер процестерін реттейді