Сәкен Сейфуллин (1894–1938) 15 қазанда Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905–1908), қалалық үш класты училищеде (1913–1916) оқыды. 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болды. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берді. 1917 жылы 9 наурызда «Асығып тез аттандық» атты өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, «Жас қазақ» ұйымын ашты, «Тіршілік» газетін шығарысты, 3 айлық педкурста оқытушы болды. 1918 жылғы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазып, 1 мамырда «Бақыт жолында» атты пьесасының премьерасын көрсетті. 1918 жылғы 4 маусымда ақтардың көтерілісі болып, Ақмола совдепшілері тұтқындалды. Атаманның «азап вагонында» 47 күн ажалмен арпалысып, 1919 жылғы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шықты. 1920 жылы 7 мамырда Ақмолаға қайтып оралып, атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болады. 1920 жылғы 4 қазанда Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің 1-Құрылтай съезіне делегат болып қатысып, Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайланды. Жер-су комиссиясының жұмысына және ба з ісіне басшылық етті.
1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, Халық Ағарту Комиссарының орынбасары болды. Қазақ АССР Кеңесінің 3 съезінде Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы болып сайланды (1922–1925). 1925 жылы 7 сәуірде Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым орталығының төрағасы, 12 маусымда Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының (ҚазАПП) басшысы болып тағайындалды. 1926 жылы БК(б)П Өлкелік комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, 1927 жылы Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры болып жұмыс істеді. 1927 жылы шыққан «Жыл құсы» альманахына басшылық етті, «Жаңа әдебиет» журналын ашуға (1928) атсалысты.
1922 жылдан бастап «Қызыл Қазақстан» журналында жариялана бастаған «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық шығармасын жеке кітап етіп (1927) шығарды. 1929 жылы қазақтың зиялы азаматтарына арнап ауыз әдебиеті үлгісін жинау жөнінде жазған «Ашық хатын» жариялады. Қазақтың мемлекеттік педагогика институтының доценті болды. 1932 жылы «Әдебиет майданы» журналының редакторы, 1934 жылы Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры қызметін атқарды. 1936 жылы Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен бірінші онкүндігіне қатысты.
Шығармашылықпен белсене араласты. 1917 жылы «Жұбату» атты тұңғыш әңгімесін жазды. 1922 жылы «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағын», «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» пьесаларын жазды. «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926), «Тұрмыс толқынында» (1928), «Көкшетау» (1929) өлең-поэмалар жинақтарын, «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық романын (1927), «Жер қазғандар» повесін (1927) жарыққа шығарды. 30-шы жылдары «Альбатрос» (1932), «Қызыл ат» (1934), «Социалистан» (1935) атты поэмаларын, «Айша» (1930), «Жемістер» (1935) атты повестерін жариялады. Публицистика саласына қалам тартты. Қазақстан ескі әдебиет нұсқаларын жинау, зерттеу, бастыру ісімен шұғылданды. Қазақ фольклорының тарихына арналған «Қазақ әдебиеті» (1932) кітабын жазды. Қазақ әдебиетінің оқулықтарын жасауға қатысты. Басты шығармалары орыс тіліне аударылып, Кеңестер Одағы халықтарының бірқатар тілдерінде басылды. Қазақ жазушыларының ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы мерекеленді. Қазақстан Жазушылар одағы таңдаулы деректі проза мен публицистикалық шығармаларға жыл сайын беріліп тұратын С.Сейфуллин атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985). Алматы, Астана сияқты көптеген қалалар мен елді мекендерге, театрлар мен мектептерге, кітапханалар мен көшелерге Сәкен Сейфуллиннің аты берілген.