Бейнежазбаны мұқият көріп шығыңдар Публицистикалық стиль
Ғылыми стиль
Публицистикалық стильге газет-журналдардың тілі жатады. Бұл стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Үндеуге, үгітке қоғам үшін дәл сол кезеңдегі саяси-әлеметтік мәні бар мәселелер тақырып болады. Публицистикалық стиль ауызша және жазбаша болып екіге бөлінеді.
1.Жазбаша түрі: мақала, очерк, интервью, газеттегі шағын әңгіме.
Қолданылу аясы: газеттерде, журналдарда, митинглерде т.б.
2.Ауызша түрі: теледидар мен радио шолулары, комментаторлардың әңгімелері, конференциядағы шешендік сөздер.
Ерекшеліктері:
Сөз екпінді, экспрессивті болады.
Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер, неологизмдер, тұрақты тіркестер, терминдер, толымсыз сөйлемдер қатысады және публицистикалық сөз өте жинақы, тұжырымды болып құрылады.
Сөз тыңдаушыларын коммуникативтік байланысқа тартатындай болып құрылады.
Тыңдаушының көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер айтылады.
Ғылыми стиль – адамның ғылыми ізденісінен, зерттеуінен тапқанын ауызша немесе жазбаша жұртқа жеткізу мақсатында қалыптасқан стиль.
Ғылыми стильдің ерекшеліктері:
Ғылыми ұғымдарды дәл атайтын, соған байланысты терминдер мол орын алады.
Тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту негізгі тәсіл болады.
Сөзді үйреншікті, тұжырымды ету мақсатында тұрақты үлгідегі (штамп) сөйлемдер, сөз тіркестері молынан жұмсалады.
Сөйлемдердің баяндауыштары ауыспалы осы шақ пен ырықсыз етісте қолданылып, өзіндік ерекшелік береді.
Мысалы: Онда тас дәуіріне жататын мүліктер бары анықталды.
Алюминий тез балқиды.
- Қай стиль түріне жатады?
- Көріп болғаннан кейін қандай сезімде болдыңдар?
- Осындай спортшыларымызды қандай сөздермен сипаттар едіңдер? Чемпионға мінездеме беріңдер.
Гылыми стиль туріне жатады
Кандай бейнежазба,мен коріп терган жохпын