"Бесатар" повесінің кейіпкерлеріне мінездеме беріңіздерші өтініш! ​

бебебеяобиделась бебебеяобиделась    2   18.03.2021 22:20    69

Ответы
Torlate Torlate  17.04.2021 22:20

Объяснение:

Автордың қазақ тарихындағы үлкен оқиғаны бір күнге сыйғыза алуы жұртшылық назарын кезінде өзіне аударды. Күн көтеріле басталған 4–5 адамның арасында болатын қақтығыс кеш бата аяқталады. Бірақ сол аз уақытқа сыйғызылған кейіпкерлер басынан үлкен оқиғалар өтеді. Екі түрлі сипатта екі офицер – Крейгель мен Иноземцев, екі түрлі сипатта екі көтеріліс басшылары – Төрехан мен Крейгель, делдалдау,

дүмшелеу оқыған жігіт – Сәруар мен Мұқағали.

Оқиға осы бес адамды бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы өрбиді. Басқа жанама кейіпкерлер болғанмен, олар айрықша рөл атқармайды. Шығармада психологиялық диалог тәсілі басты орын алады. Көзқарастары екі түрлі адамның бір-бірімен сөз тартысы, ой қақтығысы, пікір қайшылығы терең психологиялық астармен жүргізіледі.

Он шақты жазалаушы (каратель) отрядпен Қазығұрт тауын жағалап келе

жатқан Иноземцев кенеттен шыға келген қазақтардың қолына түседі. Иноземцевтің дереу Қарала ат мінген аққұба шалға: «Ассалаумағалейкум» – деп сәлем

беріп, қолын ұсынғанына қарап, қазақ тіліне жетік және жөн-жосықты да білетіні бірден көзге түседі. Иноземцев Петербургтегі оқуын тастап, майданнан бас

сауғалап, Ташкенттегі банкир әкесінің қолтығына тығылады. Арманы – полиция бастығы болу.

Шал оның сәлемін алмайды, қамшысының ұшын ғана ұстатады. Бұл шал – Сәруардың әкесі Төрехан, көтерілісті ұйымдастырушы. Крейгель – офицер – тергеуші (следователь). Ол Иноземцевті құтқаруға барғанмен, кемпір-шалдан басқа ешкімді таппайды. Ауыл адамдарымен бірге Иноземцевті Мұқағалиға тапсырып, оны тасалау жерге көшіріп жіберген. Офицер Төреханды алып кетеді. Қара ала атты Крейгель мінеді. 21 жастағы Сәруар да Крейгельдің қолына түседі. Сәруар Иноземцевті қайтарса, Крейгель әкесін қайтаруы керек. Талап осы. Крейгель орталықтан жазалаушы отрядты тосып отыр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi