Берілген жай сөйлемдерді пайдаланып, шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлем құра. Биотехнология адам өмірін сақтай алады.

Ауруға шипа берсін.

Білмегенге үйрет.

polinavorkuta polinavorkuta    1   09.03.2021 16:17    1

Ответы
DashaGaff DashaGaff  09.03.2021 16:20

Биотехнология адам өмірін сақтай алса, адам өлімі азаяр еді.

Ауруға шипа бермейінше, одан жазылу қиын болады.

Білмегенге үйретпей, білімділер көбеймейді.

Объяснение:

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрі.

Шартты бағыныңқылы сөйлем қайтсы? не етсе? Қайткенде?  Не еткенде? Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше?  Не етпейінше ? деген сұрақтарға жауап береді.

Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:

а) Етістіктің шартты рай түрінен болады. Осындай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, сол көптің бірі боп біз қандай оп – оңай араласып кетер едік.

ә) Болымсыз етістіктің –й тұлғалы көсемше түрінен болады: Мен үйге келмей, іс бітпейді.

б) Жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады. Қара теке Әзімбай болғанда, осы текенің әкесі – сары теке қатар тұр еді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi