Берілген үзінді қандай шығармадан алынған ? Үзіндінің шығарма сюжетінің маңызды эпизоды екеніне дәлелдер келтіре отырып , өз көзқарасыңызды білдіріңіз . Күзде оқу басталып , жеті менен он жастың аралығындағы өңшең бірөңкей балалар бірінші сыныпқа бардық . Бізді Иманжанов деген шашы аппақ қудай қолы - басы тоңған адамша дірілдей қалшылдап , көзі қып - қызыл боп жасаурап отыратын қарт кісі оқытты . Бұл кісі денсаулығының нашарлауы себепті қаладан көшіп келген мұғалім екен . Бізге күн сайын үйінен әкелген қағазды бір бір парақтан үлестіріп беріп , әріптерді үйрете бастады . Аян екеуіміз бір партаға отырғанбыз . Бірінші күннен - ақ ол зеректігімен көзге түсті . Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна - қатесіз қағазға түсіріп , тез жаттап алып жүрді . Тіпті келе - келе күніне бір - екі әріптен ғана өткенімізге көңілі толмай : – Барлық әріптерді тезірек неге үйретпейді екен . Шіркін , ағама хат жазар едім , – деп күңкілдейтін . Әрине , майдандағы әке- ағамызға хат жазу бәріміздің де көкейіміздегі асыл арманымыз еді .​

overlordcfg overlordcfg    3   04.03.2021 13:53    17

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi