Берілген тақырыптың екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын (мақала, эссе, әңгіме немесе хат) жазыңыз. [7]Сізге алтын балық ұстап алу бақыты бұйырды делік. Алтын балық сіздің үш тілегіңізді ғана орындай алады. Ал сіз осы оңтайлы сәтті пайдаланып, алтын балыққа тілегіңізді білдіре отырып, жеке әлеміңіз бен қоғамға қандай өзгерістер енгізер едіңіз? Сюжетті әңгіме құраңыз.2. Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгерлердің айбыны мен тылдағы еңбекшілердің, жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Бұл айрықша мерекенің біздің елімізде тойлану деңгейі қандай? Сіздің отбасыңыз бұл мерекені қалай тойлап жүр? Берілген сауал төңірегінде өз ойыңызды эссе түрінде жазыңыз.Дескриптор:• Тақырыпқа сәйкес жазба жұмысын жазады.• Мәселенің шешілу жолын, себебін ұсынады.• Құрылымын, желісін сақтайды.• Оқшау сөздерді қолданады.• Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданады.• Орфографияллық норманы сақтайды,• Көлемі 150-200 сөз

damilyaelesheva damilyaelesheva    2   14.05.2021 14:16    11

Ответы
gandzofficial gandzofficial  13.06.2021 14:17

Әр адамның қиялы , арманы әр түрлі емес пе ?! Кей адамдар : " Алтын баслық ұстап алсам , анама ұзақ ғұмыр тілер едім " , - дейді . Ал кейбіреулері : " Бар әлемде жақсылық орын алса деймін " , - деп армандап жатады . Бұның барлығы , әрине , дұрыс . Аналарымыз жүз жасап , әлемде жақсылық орын алса керемет қой ! Бірақ , барлығы өз орнымен болады . Егер де мен ертегілер әлеміндегі алтын балықты ұстап алсам , өзі сияқты алтын балықтар көбейіп , көмекке зәру адамдардың қармағына түссе екен дер едім . Мәселен , қазіргі заманда өкінішке орай экология салдарынан кемтар сәбилеріміз дүниеге келіп жатыр.Бұл - ең өзекті мәселе . Сондай - ақ қандай да бір қиын жағдайға душар болған , Көмекке мұқтаж жандардың , сырқаттанған Сәбилеріміздің жағдайы оңалып кетсе нұр үстіне нұр болар еді .

Объяснение:

не мое

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi