Берілген тақырыптардың біреуін таңдап, эссе жаз. Орфографиялық нормаларға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаныз. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.


Берілген тақырыптардың біреуін таңдап, эссе жаз. Орфографиялық нормаларға сай жазып, қосымшаларды дұ

hghfYES hghfYES    3   21.05.2021 09:01    0

Ответы
casio007001 casio007001  21.05.2021 09:10

Объяснение:

Менің туып өскен өлкем - Қазақстан

Қазақстан- менің кіндік кескен, туған елім. Каспий мен Алтайға дейін, Алатау мен Қаратау жоталарынан Батыс Сібір жазығына дейін созылып жатқан кең-байтақ өңір- менің Отаным. Ата-бабам оны мен үшін, болашақ ұрпақ үшін жаудан қорғап, ғасырлар бойы сақтап қалған. Бұл өлкеде ақ басты таулар, ұшы-қиыры жоқ далалар, шалқар көлдер, сарқырап аққан өзендер, шалғын шөптер, теңіздей телегей орман аз емес.Миллиондаған гектар егін, маңғырлаған мал өсіріледі, жер қойнауы қазба байлықтарға бай өлке.

Туған жердің әрбір тасына дейін қасиетті, киелі. Сондықтан да құдретті мекенімді сүйемін. Қазақстан Республикасы- ұлан байтақ қуатты ел. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады. Республикамызда 17 миллионнан астам халық тұрады.

Қазақстан Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде адам айтқысыз өзгергенін, өсіп өркендегенін көріп отырмыз. Қалалар өсті, ірі өндіріс орындары ашылды.

Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олар бір-бірімен татулықта, достықта өмір сүріп келеді. Қазақстан Республикасы 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет атанды. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні деп жарияланды. Қазақ Халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қолы жетті.

Қазақстанның жері бай, пайдалы қазбаларға толы, шикізат түрлерінің бәрі бізде кездеседі. Қазақстан күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден 1 орын, көмір, мұнай, мыс, никель өндіруден 2 орын, ал алтын өндіруден 3 орында. Республикамыз әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші мемлекеттің қатарына кіреді. Табиғаттың байлығы ата-бабамыздың бізге қалдырған сыйы. Қазақстан мал шаруашылығымен ертеден-ақ айналысқан. Мал шаруашылығына жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі малдары яғни халқымыз оны төрт түлік мал деп атайды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
MiSTiK338 MiSTiK338  21.05.2021 09:10

ответ:Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы. Абай халықтың ағарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.

Ұлы Абайдың қара сөздері қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) тұжырымдар. Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке тәрбиелейді. Абай отандық мәдениетіміз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi