Берілген тірек сөздерді қолдана отырып, «Сары дала – Сарыарқа!» тақырыбын сипаттап жаз. Сипаттау мәтінінде хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді дұрыс қолданып, Сарыарқаның сұлу табиғаты туралы жаз.

MARI5368334 MARI5368334    2   20.05.2021 08:20    10

Ответы
роза266 роза266  19.06.2021 08:21

ответ:кең байтақ қазақ жерінің бір бөлігі - Сарыарқа. Сарыарқа-Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр. Шығысын шөлге беріп, төрт құбылысын желге беріп керіле созылып жатқан сары дала –Сарыарқа атауы халық атауы. Арқадай кең көсіліп жатқан сары дала қайталанбас тамылжыған табиғатымен кімде-кімді тамсандырады. Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел лебінің өзі есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша күйде сезінесің. Сағым ойнаған сары даланың самал желі ғана емес,табиғатының өзі керемет. Мұнда тұңғиығы тұнжыраған көлдерді, арналы өзендерді, аласа тауларды, сарғайған сары шөптерді,жазық даланы көруге болады. Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйласа, Сарыарқа жері,табиғаты сол сияқты  өміріне мән сыйлайды. Таңғажайып табиғаты көңіліне бір кірбің түсірмейді. Сонау Сарыарқадай сары даладан елің жаудан қорғаған, жұртына қалқан болған батырларымызда шыққан. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. Осынау кең дала, сағым ойнаған самал желі туралы қанша айтсақ та сөзіміз таусылмас. Арқа даласы - көненің көзі асылдардың

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi