Берілген үстеулерді қатыстырып сөйлем құрау жаздыгүні, қыстыгүні, күздігүні, ендігәрі, әлдекімдерше,құсша,лезде,ақырын, әлсін - әлсін,бей-берекет

Гоша2285 Гоша2285    3   24.06.2019 06:20    4

Ответы
АлинаRiver АлинаRiver  19.07.2020 20:38

Сөйлемдер құрастыру.

Жаздыгүні жайлауда атама мал бағуға көмектестім.

Қыстыгүні біздің өңірімізде ауа температурасы күрт төмендеп, төменгі сынып оқушылары сабақ оқымайтын күндер болады.

Күздігүні саябақта серуендеп, сарғайған жапырқатрды жинағанды ұнатамын.

Ендігәрі мұндай асығыс шешім қабылдамаспын.

Әлдекімдерше бұзықтық жасаушы болма!

Ұшақ аспанда құсша ұшып барады.

Демалыс күндері лезде зымырап өте шықты.

Кішкене сәбиі ұйықтап жатқандықтан Мақпал телефонмен ақырын сыбырлап сөйлесті.

Ота жасалып біткен соң Арман әлсін - әлсін көзін ашып, өз-өзіне келе бастады.

Үстелдің үстінде қағаздар бейберекет шашылып жатыр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi