Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын
орындаңыз. Жазба жұмысыңызда етістіктің шақтарын,
сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды
қолданыңыз.
1.Шетелдік туристерге Астана қаласының мәдени
орындарын таныстырып, диалог құрыңыз.
2."Туған өлкем - неткен көркем" тақырыбында
сипаттау мәтінін жазыңыз (5 сөйлем).
3.Қуат көзін үнемдеу үшін не істеу керек? Осы
сұрақтың жауабын нұсқаулық формасында жазыңыз.
1
2
3
Қазақтың ұлттық қолөнерінің бірнеше түрі бар. Оның шығу тарихы әріде жатыр.Ата-.бабаларымыздың көшпенділік өмір сүргенін тарихтан білеміз. Күнделікті тұрмысты да халұымыз көшпенділік өмірге бейімдеген,мал шаруашылығымен айналысқандықтан, оның өнімдерін,жүнін,терісін қолданған. Киіз үйде тұрғандықтан,үй жабдықтарының бәрін қолдан жасаған. Сөйтіп, күнделікті тіршілік қолөнеріне айналады.
Айталық,жүннен киіз басады,ол жылы төсеніш.Қабырғаға тұтатын киізді тұскиіз деп атайды, оған түрлі-түсті жүннен,бертін келе маталардан ою-өрнектер салына бастады. Жүннен ұршықпен жіп иіру өнері,жіптен киім тоқу әлі күнге маңыздылығын жоймай келе жатқан қолөнері десек қателеспейміз. Жіптерден өрмек тоқу арқылы түрлі көз жауын алатын алаша,кілемдер дүниге келген. Қолөнерінің тағы бір түрі- құрақ құрау. Әдемі түрлі-түсті матадан құралған көрпешелер жүк аяқтың үстіне жиналады.Жүкаяқ-сандық тәрізді көрпе жинауға арналған жиһаз түрі.Оны ағаш ұстасы ағаштан жасап,сүйекпен,тастармен безендіреді. Асыл тастарды зергерлік бұйымдар жасауға да пайдаланады. Зергерлердің қолынан шыққан білезік,сырға,алқа,сақиналарды қазіргі кезде көрмелерден көріп жүрміз.
Объяснение: