Берілген сөйлемдерді түсініп оқыңдар.
Дүние жүзінде тілдер өте көп. Тілдер қызметіне қарай ұлттық, ұлтаралық және халықаралық тіл болып бөлінеді. Мысалы, қазақ тілі - қазақтардың ұлттық тілі, орыс тілі - орыстардың ұлттық тілі, неміс тілі - неміс халқының ұлттық тілі. Қазақстанда орыс тілі ұлтаралық тіл болып есептеледі. Ал ағылшын тілі - халықаралық тіл.
Диалогты өзара жалғастырып, сөйлесіңдер.
-..., сен мемлекеттік тілді білесің бе?
- Әрине, мен мемлекеттік тілде еркін сөйлеймін. Ал сен ше,...?
- Мен жақсы түсінемін, ептеп сөйлей аламын, әлі үйреніп жүрмін.
-..., сен туыстарыңмен қай тілде сөйлесесің?
- Мен туыстарыммен қазақша сөйлесемін. Ал сенің туыстарың қазақша біле ме?
- Иә, менің туыстарым қазақ тілін де, ағылшын тілін де жақсы меңгерген.