Берілген сұрақтар бойынша жолдасыңызбен сұхбаттасып, сұхбатыңыз бойынша шағын әңгіме құраңыз. Сіз қанша ағайындысыз? Аға-жеңгеңіз, іні-келініңіз бар ма, олар қайда тұрады? Сізге кім жақын: өз жұртыңыз ба әлде нағашыларыңыз ба? Нағашы жұртыңызға жиі барасыз ба? «Жиен ел болмайды» дегенмен келісесіз бе? «Жаман жігіт – қайыншыл» дегенмен келісесіз бе? Сіздің ойыңызша, қайын жұртпен қандай қарым-қатынаста болу керек?