Берілген əр сөйлемді бірнеше сөйлеммен толықтырып жазыңдар. 1) мен үшін шет тілі сабағы өте қызықты өтеді. 2) ағылшын тілінің мұғалімі сабақты қызықты етіп түсіндіріп жатқанда, мен зейін қойып тыңдаймын. 3) сабақ үстінде көптеген жаңа мəліметтерден хабардар боламын. 4) мен үй тапсырмасын қуана орындаймын.

QwErtY314455667 QwErtY314455667    3   21.07.2019 14:30    1

Ответы
irinamyn1 irinamyn1  23.09.2020 09:23
1. Мен үшін шет тілі сабағы өте қызықты өтеді. Мен шет тілінің ішінде ағылшын тілін меңгеруді жөн көрдім. Қазір ағылшын тілінде шағын кітаптарды оқып, жаттығудамын. Өзіме бұл жақсы көмек.

2. Ағылшын тілінің мұғалімі сабақты қызықты етіп түсіндіріп жатқанда, мен зейін қойып тыңдаймын. Сондықтан үй тапсырмасын үйде қиналмастан орындаймын. Және үйде өздігімше тағы дайындаламын.

3. Сабақ үстінде көптеген жаңа мәліметтерден хабардар боламын. Ол мәліметтермен үйде бауырларыммен бөлісемін. Оларда қызыға тыңдайды.

4. Мен үй тапсырмасын қуана орындаймын. Өйткені ағылшын тілін жетік меңгеру менің арманым. Келешекте ағылшын тілі маманы боламын.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi