Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін мазмұнына сай келетінін анықта. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік. Сөз қадірін білмеген – өз қадірін білмейді. Тілі бірдің – тілегі бір. Текст внизу
Владимир Шнайдер, филология ғылымының кандидаты, Инновациялық Еуразия университетінің тілдер және жастар мәселесі жөніндегі проректоры: Біріншіден, тіл үйренуді балабақшада дұрыс жолға қою керек. Екіншіден, үйренген тілді дамытатын орта қажет. Біз мектепте үйренген тілді өз достарымызбен араласқанда дамыта түстік. Сөйтіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейттік. Егер сондай орта болмағанда, үйренген тілді дамыту қиын болатын еді. Үшіншіден, қазір қазақ тілін үйрету жөнінде әртүрлі мәселелер айтылып жатады. Әсіресе әдістеме, көрнекіліктер жоқ деген сөзді жиі естиміз. Шынына келсек, бұл сылтау ғана. Ұмтылған адамға, ізденген оқушыға мүмкіндік бар. Айталық ағылшын, түрік тілін үйрету әдістемелерін қолдана отырып жасаған оқулықтар аз емес. Тек соны тиімді пайдалану керек. Бір сыныпта оқитын оқушылардың қазақ тілін бәрі бірдей неге меңгермейді деген сұраққа, мен оның барлығы ата-анаға байланысты дер едім. Ұрпағының Отанға деген патриоттық сезімін оятпаса, ол баланың мемлекеттік тілді білуге ынтасы арта ма? Сондықтан да біз тіл үйретуді тәрбиемен байланыстыра білуіміз керек. Қазақстандағы барлық ұлт өкілдері Ата Заңда мемелекеттік мәртебеге ие болған тілін біліп, құрметтеуі тиіс.

alena11021 alena11021    1   15.09.2020 15:58    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi