Берілген мәтіннен демеулік шылауларды тауып, мағынасын ажыратындар Махамбеттің күрделі тұлғасын-ақ көркемдік тұрғыдан жинақтауда, зұлымдық құрған заман шындығын шынайы жеткізуде – әр қаламгер түрлі әдіс-тәсілдерге қол артқан. Махамбеттің өмірі мен заманы туралы көркем шығармаларда ғана Т.Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесі айрықша дара тұлға.
Қараой - жер атауы. Қаралы оқиға осы жерде өтеді. Әңгімеде Махамбет өмірінің соңғы сәттері түгіл , қайсар ақынның ешкімге бас имеген асыл рухы асқақ көрінеді. Елінен айырылып, жерінен ауып, қос қыраны – екі ұлын қатар жоғалтса да, ақынның қанаты қайырылып, жігері құм болып, жасығанын көрмейміз. Тек қана көз алдында бақилық болған біртуар балаларын ойлап, есіне алғанда жүрегі елжіреп, көкірегі сары сағынышқа толы.