Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрыңыз.- Фамилиям – Қадыров. Бір кезде “Қадырұлы” деп те жазып жүрдім. Бірақ жұрттың бәрі “ов” болып жатқанда, менің олардан алабөтен жырылып шыққаным жарамас дедім де, “Қадыровқа” қайтып келдім. Қадыр – менің әкем. Мен әкемнің қандай адам екенін де білмеймін. Өйткені ол майданға аттанғанда мен екі жастамын. Екі жасар бала не біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті, оралмады... Сөйтіп, мен сендерге өзімнің аты-жөнімді айттым. Ал көркем шығармада кейіпкердің кім екені аталып қана қоймай, сырт бейнесі қоса сипатталатын дәстүр бар ғой. Енді соған көшейін. Тоқтаңыз, бұл үшін әуелі өзімді-өзім айнадан байыптап қарап алайын... Мынау, міне, мұрын. Әжем кейде менің атымды атамай “Тампышнеме” дейді. Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сый- ып кетеді, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Шашымды Әбубәкір шал кеше ғана ұстарамен сыпырып алып тастаған. Ох, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес. Осы ауылда оны алуға жарайтын бір ғана ұстара бар – ол Әбубәкірдікі. Оның өзі де алғаш салған бетте тұтқырланып жүрмей қояды. Шашымды әр алған сайын Әбубәкір мені бірінші рет кездестірген адамдай таңғалып бітеді. – Япыр-ай, мұндай да шаш біте береді екен- ау! Мынау шаш емес, тікенек қой. Тікенек. Мінезіңнің шатақтығы осыдан-ақ көрініп тұр. Сипатталмаған енді нем қалды? Қаралығымды әуел баста-ақ айтқанмын. Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым 8-бөлім ЖОБА 165 Түсіндірме сөздік Майдан – соғыс. Ұстара – шаш алатын, сақал-мұрт қыратын өткір арнайы пышақ. Тікенек – 1) кейбір өсімдік жапырағының шетіне шығатын майда тікен; 2) ауыс. Қатты, тастай. 67-68-сабақ бар. Бәтшағардың бітпейтін жерге бітуін қарашы. Одан да бетімнің ұшына таман бол- сашы. Сонда әдемірек көрінер ме едім. Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкем тәрізді сұңғақ боласың дейді. Кімдікі рас екенін құдайым білсін. Өткен күзде мектепте дәрігер қарап өлшегенде, бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан едім. Шашым болғанда, жүз қырық шығуы сөзсіз еді. Тақырбас жүргеннің осындай за- лалы да бар. Жасым он екіде. Бесінші класты бітіріп отырмын. ​

Вsеzнaйkа Вsеzнaйkа    3   03.03.2021 15:49    0

Ответы
айлина2хх айлина2хх  02.04.2021 15:50

Объяснение:

Не знаю

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ