Берілген мәтінге күрделі жоспар құру Соғыс басталғанда Нүркен Орынбордың авиаучилищесінің курсанты болып оқып жүрген еді. Оқуды бітіргеннен кейін оған қысқа мерзімді демалыс беріледі, бірақ ол демалыстан бас тартады. Қолына ақ парақ пен қалам алып, үйіне былай деп хат жазады: «Мен фашистердің үнін ажал оғымен өшіру үшін асығып, үйге бармадым...».
Осылайша, жиырма жасында алғаш әуеге көтеріліп, ұшудың дәмін сезген өжет жігіт оқуын аяқтай сала, үйіне де бармай, 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкі құрамында майданға аттанды. Онда талай әуе шайқасына қатысып, көк аспанда қырандай самғап, қармаған жауының жанын алып отырды.
Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нүркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ-дәрі тасыған 18 керуенді, жанармай құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін жайратты.
1942 жылы желтоқсанның ызғарлы бір күнінде біздің батыр жерлесіміз өзінің серігі, атқыш әрі байланысшы Саша Комиссаров екеуі соғыс аспанына соңғы рет самғап шыққандарын өздері де білмеген еді. Боков-Пономорев станциясы маңайына келгенде, соғыс оты өрши түсті. Олар жаудың тас құрсанған үлкен алты танкісін, бірнеше атыс ұясын, зенит артиллериясының екі қондырғысын жойып жіберді.
Жау жағы да қарап қалмады. Қырандай самғаған темір ұшақтарға жаудырта оқ атып, жауап қатты. Осындай бір жау оғы ұшаққа дөп тиіп, ол өрт құшағына ене бастады. "Отан үшін отқа түс, күймейсің" деген ой көңілінде күңгірттене сәуле берсе де, Нүркен осы жолы отқа түссе, аман қалмайтынын білді. Бірақ батырдың батырлығы сол, жан сақтауға еш тырысқан жоқ. Керісінше, отқа оранған күміс қанат қыранның тұмсығын фашист танктері шоғырланған тұсқа қарай бұрды. Осылайша құлдилай құлаған самолет ішіндегі Нүркен мен оның қандыкөйлек серігі Александр Комиссаров екеуі ақырғы рет қаншама жауды қырып, жастық шағын өздерімен бірге ала кетті.
өтінем көмек