Берілген мәтіндерді түсініп оқып, түрлерін, стилін, жанрын, тілдік ерекшеліктерін анықтаңыз. [ ] 1-мәтін 2-мәтін Адамдар О, адамдар, біргемін мен сендермен, Ықыласыңа еш нәрсені теңгермен. Сендер – менің бақытымның бұлағы, Сендер менің дарыныма жел берген. Өздеріңмен өмір шыңын бірге астым, Жартты құртты бөліп жедім, сырластым. Дүниеге келгенім жоқ шет жүріп, Рақатын ойлау үшін бір бастың. Менің үшін бірдей тілің, жынысың, Бірің – ана, бірің – аға-інісің. Достық өскен, ерлік өскен ортаңа Енген сайын кеңи түсер тынысым. Не кездессе, өздеріңмен көрмекпін, Қарапайым адамдары еңбектің. Барлығын да бағыштар ем сендерге Махаббатын маған берсе жер-көктің... Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясына барған делегаттар студенттермен кездесіп, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде дөңгелек үстел өткізді. Облыстық неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы Лилия Шмидт өз баяндамасын бейбітшілік пен келісім формуласына арнады. Ол Елбасының бастамасымен құрылған азаматтық қоғамның бірегей институты – Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басты бағыттары туралы айтып берді. — 88 мектепте оқыту өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізіледі. Ал 108 мектепте 22 қазақстандық этностың тілдері жеке пән ретінде оқытылады. Елде 15 тілде 35 баспа өнімдері шығарылады. Телеарналар эфиріне 11 тілде хабарлар шығады. Елде 14 орыс, өзбек, сондай-ақ, ТМД-дағы жалғыз ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Мұндай еш жерде жоқ, — деп атап өтті Лилия Шмидт. Ол жастарды толеранттылық қағидаларын сақтауға шақырды.

cucuruza5 cucuruza5    3   04.12.2020 05:46    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi