Берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер 1. Төбеге айналған топырақтың астында қандай сыр бар?
2. Неліктен кей жерлер Қарауыл төбе, Көктөбе, Ақтөбе, Қостөбе деп аталған?
Төбе сыры
Төбе – топырақтан, құм мен Қиыршық тастан үйіліп қалған дөңес жер. Мұның үлкен
мәні бар. Ертеде ел келе жатқан жауын да, досын да төбе басында отырып шолған. Ол – ол ма,
өткен-кеткен әңгіме де, болашақ туралы кеңес те төбе басында айтылған.
Тарихқа үңілсек, әлемге әйгілі қалалардың бұл күнде төбе болып, үйіліп жатқанын
білеміз. Соның бірі – Отырар қаласы, осы күнгі Отырар төбесі.
Отырар 1969 жылға дейін сол төмпешік төбе қалпында жатты. Қазу жұмыстарының
нәтижесінде көп дүниенің орны, тоқыма сыры ашылды. Темір соғатын ұста дүкенінің орны,
тоқыма станогының қалдықтары, қыш құмыралар, күміс білезік, мыс тиындар – Отырар
қаласының төбеге айналған топырағының астында қалған тарихи деректер.
Біздің жерімізде табиғи төбелер де өте көп. Олар бітім тұлғасының өзгешелігіне қарай
Қарауыл төбе, Көктөбе, Ақтөбе, Қостөбе деп аталады.
(112 сөз)