Берілген мәтінді 2 рет мұқият оқып шығыңыздар. Тірек сөздер арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. Қар адамы Бiз қар адамы немесе жабайы адам деймiз. Үндістанда оны йети деп атаса, Австралияда — яху, Америкада — бигфут, Ресейде — анчутка, леший деп атайды. Әлi күнге дейiн қар адамының құпиясы ашылған жоқ. Ғалымдар жарты ғасырдан астам уақыт қар адамының мекенiн iздеп, зерттеулер жүргiзуде. Тiптi қар адамын көзбе-көз көрдiк дегендер де бар. Ғалымдардың пiкiрiнше, қар адамында телепаттық қасиет адамға қарағанда өте жақсы дамыған. Тура осы қасиеттiң арқасында болар, қар адамы адамдар қойған әр түрлi қақпандарға, торларға түспей аман құтылып кетедi. Қолға түскен жағдайдың өзiнде де, көзден ғайып болады, яғни оларды ұстау тiптi мүмкiн емес. Криптозоолог Майя Быкованың пiкiрiнше, қар адамы қолға түскен кезде, телепатиялық қасиетiн қолданып, адамды бiр сәт гипноздағандай болады. Осы сәттi пайдаланып, қар адамы ұсталған жерiнен сытылып қашып кететін көрінеді. Қуғыншылардың көзiн «байлағанымен» де, бiрақ олар өз iздерiн жасыра алмайды. 1996 жылы Қытайдың шалғай бiр ауданында кiшкентай тiрi жан иесiн аңшылар бамбук аюларының балаларымен ойнап жүрген жерiнен тауып алған. Баланың денесін түгел жүн қаптап кеткен. Өзiнiң үстiн мысық тәрiздес жалап қояды екен, ағаштың жапырағын қорек қылған. Қолының саусақтарының, аяғының башпайларының тырнақтары ұзын болған. Қар адамы феноменi туралы әлi де құпия көп. А.Беловтың болжауы шындыққа жақын десе болады. Әр ұлтта өзiнiң қар адамы бар. Мүмкiн, А.Белов тұжырымдағандай, ешқандай қар адамы жоқ шығар, тек, жабайы болып кеткен, ақыл-есi кем адамдар шығар? Кiм бiледi? Бұл әлi құпия. Ә) криптозоолог, мысық тәрiздес, феноменi, телепаттық қасиет Б) ақыл-есi кем адамдар, зерттеулер, кiшкентай тiрi жан иесi, анчутка А) қар адамы, йети, көзден ғайып болады, жабайы

бжб қазақ т 1тапсырма

maschkincolyaoyf9ei maschkincolyaoyf9ei    3   01.03.2021 15:07    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi