Берілген эпизодтың маңыздылығына негіздеме жасай отырып, ойыңызды
3-4 сөйлеммен дәлелдеңіз.
... Жұмысқа “пропискасыз” алмайды. Мамандығыммен ауылда да, Қаскелең ауданында да орын жоқ. Қалада орын бар екен, бірақ алдымнан “прописка” шықты тағы да. Үйдің көлемі тұратын адамдармен қосқанда, мен сыйып тұрмын, аға. Жақын туысымыз ғой.
Архаттың сөзін орнынан атып тұрған ұзын бойлы подполковник бөліп жіберді:
— Легендаңың түкке де қажеті жоқ мен үшін. Отырмайсың! Қалаға кіргенше — қараспаналған сорлысыңдар, кірсеңдер — бас бұзарбұзақысыңдар... Сенсіз де қаладағы кердеңдердің лаңы аз емес.
— Жолдас подполковник, мен сізге бұзықе меспін! Арғысы — әскерден төрт ай бұрын келген солдатпын, бергісі – запастағыо фицермін өзіңіздей.
— Енді неғыл дейсің, фамилияң бөлек... Марш!
— Сонда қайда бармақпын? Конце до концов – шетелден қашып келгем жоқ қой...
— Қайда барсаң – онда бар. Мен сені шақырғам жоқ. Давай, марш отсюда! — деп зілденді.
— Сіздің олай деуге хақыңыз жоқ. Мен — Совет азаматымын...