Берілген әдеби сын-пікірге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазыңыз. «...Жақсы шығарма – жан серігің. Сәтті сомдалған кейіпкерімен қоса қуантады, ойландырады, мұңайтады. Жаңа шығармаларды әркез оқуға уақыт табамын. «ЖЗЛ» сериясымен шыққан Медеу Сәрсекенің Қаныш Сәтбаев пен Ебіней Бөкетов жайлы терең зерттеуден туған кітабын сүйсіне оқыдым. Соңғы екі шығарма кәнігі металлург ретінде маған жаныма ерекше жақын» - деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жазушы М.Сәрсекенің шығармашылығына пікір білдірген. Қаныш Сәтбаевтың тұлғалық тұғырын биіктете түсетін шығармалары Медеу Сәрсеке өмірінің өзегіне айналғандай. «Қазақтың Қанышы» романына жазған аңдатпа сөзінде Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтаудың тамаша үлгісі осындай-ақ болар...» дегенін Медеу Сапаұлының Сәтбаев тұлғасын әспеттеуіне берілген әділ баға ретінде бағалаймыз.
\

Balabol2010 Balabol2010    1   23.12.2020 10:52    47

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi