Берілген әдеби сын - пікірге сүйене отырып , өзіндік сыни пікір жазыңыз . "...Жақсы шығарма - жан серігің . Сәтті сомдалған кейіпкерімен қоса қуантады , ойландырады , мұңайтады . Жаңа шығармаларды әркез оқуға уақыт табамын . "ЖЗЛ" сериясымен шыққан Медеу Сәрсекенің Қаныш Сәтбаев пен Ебіней Бөкетов жайлы терең зерттеуден туған кітабын сүйсіне оқыдым . Соңғы екі шығарма кәнігі металлург ретінде маған жаныма ерекше жақын " - деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жазушы М.Сәрсекенің шығармашылығына пікір білдірген . Қаныш Сәтбаевтың тұлғалық тұғырын биіктете түсетін шығармалары Медеу Сәрсеке өмірінің өзегіне айналғандай . "Қазақтың Қанышы" романына жазған аңдатпа сөзінде Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың "Ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтаудың тамаша үлгісі осындай - ақ болар..." дегенін Медеу Сапаұлының Сәтбаев тұлғасын әспеттеуіне берілген әділ баға ретінде бағалаймыз .
Ерзат Жанатұлы