Бегабат Ұзақов –-1973 жылы Қарақалпақстанның Беруни ауданында дүниеге келген. Ташкент мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығармалары 1987 жылдан мерзімді басылымдарда жарияланып келеді. Қарақалпақстанда қазақ тіліндегі басылымдар: «Достық үні» газетінде, «Өркен» журналында әдебиет және мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеген. Жекелеген шығармалары өзбек, қарақалпақ тіліне аударылып басылған. Қазір еркін шығармашылықта. Бегабат Ұзақов – әдебиет әлеміне еліміз тәуелсіздік алған кезде қадам басқан қаламгер. Тырнақалды шығармалары Өзбекстанның жас жазушыларымен қоса бірнеше ұжымдық жинаққа енген. Мемлекеттік тапсырыспен "Қазығұрт" ба шыққан "Жантаза" жинағындағы әңгімелердің тілі көркем, суретті, жинақы. Жеңіл оқылып, ерекше әсер береді.Шығармаларында адамгершілік, адалдық, намыс, рух, махаббат тақырыптары көрініс тауып оқырманын ләззатқа бөлейді. "Жантаза" әңгімесінде атақты Жанқожа батырдың Аждаһаны райынан қайтаруы, перінің арбауынан жанының тазалығы, рухының биіктігі арқылы құтылып кетуі суреттеледі. Кітапта осы сияқты қызықты тарихи және бүгінгі заманғы өзекті тақырыптар өзек етілген шығармалар баршылық. Үйге тапсырма Дом задание.
Б.Ұзақов мәтінге сүйеніп 6 сұрақ құрастыр.Составь 6 вопросов по тексту и спиши.

danillbiz danillbiz    3   26.11.2020 15:32    12

Ответы
Jamal20 Jamal20  26.12.2020 15:34

1.Бегабат Ұзақов қашан дүниеге келген?

2.Ол кім болды?

3.Ол қандай факультетті бітірді?

4.Оның шығармаларында нелер көрініс табады?

5.Б.Ұзақовтың шығармалары қашаннан бері баспаларда жарияланып келеді?

6.Оның жекелеген шығармалары қандай тілдерге аударылды?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi