Байлык пен кедейлик атты эссе жазу керек

2017mariana 2017mariana    3   21.08.2019 20:50    5

Ответы
Timewinter Timewinter  14.08.2020 18:20

Байлық пен кедейлік.

Байлықты тек қана ақшамен байланыстырған, менің ойымша, дұрыс емес. Себебі байлықтың бірнеше түрі бар: адами байлық (ата - ана, бала, туыс); материалдық: ақша, дүние – мүлік, үй; табиғи: өсімдік, мұнай, күн, су, жан – жануар, таза ауа, тау, кен орындары және рухани байлық: денсаулық, туған ел, туған жер, білім, өмір. Сондықтан тек материалдық байлықты маңызды санамай, адам өміріндегі денсаулық, уақыт, туыс, Отан сияқты қастерлі ұғымдарды бағалай білу керек деп есептеймін.  Ата - әжелеріміз "ақша - су, бүгін бар, ертең жоқ" демекші, ақша тез жұмсалып кетеді.

Мысалға, мен өзімді бай адам есептеймін. Себебі, менің денсаулығым жақсы, ата - анам мен бауырларым, туыстарым жанымда, қалаған оқу орнымда оқып, білім алып жатырмын.

Сонымен қатар бұл тұрғыда кедейлікті де тек ақшаның жоқтығы деп санамаған жөн. Себебі ойы таяз, білімі жоқ, туыс - туғандарымен қарым - қатынасы нашар адам нағыз кедей деп есептеймін, өйткені ол бұл қысқа ғана өмірде нағыз байлықтың не екенін түсінбей өзін - өзі кедей етіп жүр деп ойлаймын.

Сондықтан қазіргі жастарға, яғни өз құрбы - құрдастарыма айтарым: денсаулыққа немқұрайлы қарамай, білімге құштар болу керек. Себебі Білім - ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Осы білімнің арқасында болашақта материалдық байлыққа да қол жеткізуге болады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi