Баяғы бір заманда бай мен кедей корші омір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі коргісі келмейді екен. Байдын үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған
алтын мен күміс. Ал кедейлін үйі ағаштан жасалган, төбесін бұтамен жапқан кора
екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жетті. Егін егіп, оны суарып,
күтіп, орып, оз күнін өзі коріті. Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады.
Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шыгып кетеді. Ал кедей болса, бір комеш
нанын қойнына салып, ол да агаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге
созылады. Бір күні карны ашқан бай кедейге:
- Ой, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.
- Жоқ, алтының өзіне, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. Екінші күні
бай кедейден тағы да нан сұрайды. - Алтынымның жартысын берейін, әдейді ол
бұл жолы.
Жок, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді. Акыры, аштан өліп
бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанга барлық алтынын айырбастайтынын
айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға
кұлап кетеді. Ал, келесі күні су токтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың:
«Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған
екен. курделі сөздерді табу