Байқоңыр жерінің ғарыштық
болашағы туралы өз заманында
Қорқыт ата көріпкелдікпен айтып
кеткен. Сақталып қалған аңыз-
дарда, бірен-саран жазбаларда
Қорқыт атаның қасиетті жерді,
мәңгілік өмірді іздегені айтылады.
Жер-дүниені кезген оның соңы-
нан өзі қатты қорқатын өлім еріп
жүреді. Ақырында ол ғайыптан
«Егер жердің кіндігін тапсаң, аман
қаласың» деген сөзді естиді.
Қорқыт ата еш уақытта соғыс,
табиғат апаттары болмайтын,
«өлім» дегенді білмейтін жер
ді іздеген. Ақырында Қорқыт ата
туған жеріне, Сырдарияның жаға-
сына қайтып оралады. Ойлана келе,
ол «Мәңгілік өмір - өнерде» деген
тоқтамға келеді. Сөйтіп, жан дү-
ниенің тебіренісін сыртқа шығара
алатын аспапты - қобызды ойлап
табады. Аңыз бойынша, Қорқыт ата
дарияның ортасына, судың бетіне
кілемін төсеп, қобызын тартатын
көрінеді. Сонда күйдің құдіреті оны​
судың бетінде қалқытып, батып кетуге жібермепті. Бірде оны кішкентай жылан шағып алыпты, абыз содан көз жұмыпты.Өлерінің алдында ол өзінің қасиетті жерді, сиетті жерді тапқанын айтады. Бұл жер - Сырдарияның бойы екен.Ол өзі көз жұмған жерін «Жердің кіндігі» деп атаған көрінеді. Талай ғасыр өткеннен кейін Сергей Королев бастаған кеңес ғалымдары ғарыш айлағын салу үшін қазіргі Байқоңырды таңдап Бұл - Қорқыт ата жерленген өңірге таян тұрған жер. қателеспепті. Күн жылдың 300 күнінде жарқырап тұрады. Шынында Байқоңыр дүниежүзі ғарышкерлігінің бесігіне ғарыш орталығына адамдар ғарышқа аттанатын жердің айлағына айналды .Дәл осы жерде қазақ жерінде олар ғарышкен атанды

lisakiss1 lisakiss1    3   17.04.2020 07:10    47

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi