Байқоңыр – ғарыш айлағы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Байқоңыр әлемдегі ең ірі жербеті ғылыми ғарыш полигоны саналады. 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Гагарин Юрий Алексеевич Байқоңырдан «Восток» кемесімен ғарышқа аттанып, ғарышты бағындырды.
Байқоңырдан Ай, Марс пен Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ да ұшырылады. 1991 жылы 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Қазақ ғарышкері – Талғат Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 жылдар) болды.
«Байқоңыр» ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға жалға берілді. «Байқоңыр» кешенінен Қазақстан Республикасының аумағына жылына 30-35 мың тонна улы зат таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының табиғатына көп зақым келтірді.

Айфон11111 Айфон11111    2   12.05.2021 10:10    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi