Байқоңыр ғарыш айлағы Пікірталастың анықтамасын ажырат.

Пікірталас мәдениеті

Сөз бостандығы – азаматтық қоғамның басты басымдықтарының бірі. Ол үшін пікірталас ережесін, мәдениетін меңгеру маңызды рөл атқарады. Сөз бостандығы бар екен деп, ретсіз, қалай болса солай сөйлеуге болмайды. Ең бірінші, өзіңді тыңдата алу үшін өзгені тыңдай білуің де керек. Екіншіден, тыңдаған ақпаратты қорыта білу үшін, жазып отыруды әдетке айналдырған жөн. Үшіншіден, өзіңе және қоршаған ортаңа құрмет көрсете білу қажет.

Пікірталас – түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу.

Пікірталас – жастарды көшбасшылыққа баулудың бірден-бір құралы. «Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі – қолбасшылық, екіншісі – шешендік» – деп ұлы шешен-ділмар М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікірді қалыптастыру, оны қиыннан қиыстырып жеткізе білудің өзі – үлкен өнер.

Пікірталастағы ең басты міндет – мағыналы сөз сөйлеу арқылы аудиторияға ой тастау. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады не жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады.

Пікірталаста шеберлігіңді шыңдау үшін білім мен тәжірибе жинаудың маңызы зор. Кез келген құбылыс немесе оқиғаға қатысты өз пікіріңді жеткізу – жеке тұлға ретіндегі беделіңді асырмаса, төмендетпейді.

1.мағыналы сөз сөйлеу арқылы аудиторияға ой тастау
2.түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу
3.жастарды көшбасшылыққа баулудың бірден-бір құралы
4.азаматтық қоғамның басты басымдықтарының бірі​

илья1968 илья1968    1   04.05.2021 08:52    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi