«Байқоңыр» ғарыш алаңы – дүниежүзіндегі 20-дан астам ғарыш айлағының ішіндегі ең ірісі. Ол Қызылорда облысы Қарамақшы ауданы аумағында Төретам бекетінен 18-20 км қашықтықта орналасқан. Ол 7360 шарша км жерді алып жатыр. Байқоңырдың тарихы 1955 жылдың 12 қаңтарынан басталады. Сол күннің ертеңіне болашақ ғарышкерлер қаласының алғашқы қазығы қағылды. Ғарыш алаңын салу үшін бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауісіздігі, қайтып оралатын ғарыштық нысандар үшін қолайлы қону аймақтарының болуы т.б. факторлар ескеріледі. Ал 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңырдан адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Гагарин «Восток » ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырдан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдың Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері; «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс», ғарыш кемелері; «Салют» «Мир» орбиталық стансылары; ғылыми және зерттеушілік жұмыстар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор» т.б Жердің жасанды серіктері ұшырылды. Мәтіндегі ең басты мәселені анықтаңыз [2] Неологизм және кәсіби сөздерді табу

EnoTProKoP EnoTProKoP    1   19.12.2021 13:24    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi