Бауыржан тез мойнын бұрып, дауыс шыққан жаққа жалт қарады. Жалт қарады да, қорбаңдап, құшағын жайып, өзіне қарай ұмтылып келе жатқан алып денелі адамды бірден таныды. Батырдың қаһар жүзі жылып, қатал жүрегі жібіп, жұмсарып қоя берді. Бір кезде полк командирі Момышұлын қол астындағы жауынгерлерінің бәрі тегіс «батя» деп атайтын еді. «Батя» — қазақша «әке» деген сөз. Командирдің өзін қол астындағы жауынгерлері ресми түрде «жолдас командир» деп атауы оңай. Ал оның «әке» деп атауы оңай іс емес. Солдаттар әкедей зейіл, әкедей әділ, әкедей қамқоршы командирді ғана, өздерін әкедей аялап, әкедей сүйе білетін командирді ғана әскери уставтың талап етуінше емес, өз жүрегінің әмірімен, осылай «әке» деп атайды. Бауыржанға «батялап» кіріп келе жатқан адамның артынан бүкіл полкы жамырай еріп келе жатқан сияқты боп көрінді. Ол орнынан атып тұрды да: — Мен мұндамын, ұлым! — деді даусы еркінен тыс елжірей шығып.
“Ақиқат пен аңызда” Бауыржан Момышұлы әр қырынан көрінген. Бүкіл дивизияны басқарып, жауға аттанған командирдің тапқырлығы мен алғырлығы үлкен шайқас, кескілескен ұрыстардың үстінде айқын көрінеді.
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. Барлығы -
1. Мәтіннің тақырыбы қандай? 1
2. Мәтіннің негізгі идеясы не? 1
3. Мәтіннің кейіпкері кім? 1
4. Басты кейіпкерді сипаттап жазыңыз (мәтіннен мысал келтіріп жаз)
5. Неліктен Бауыржанды жауынгерлер «әке» деп атады?
6.Үзінді қандай шығармадан алынған? Авторы кім?
7.Ұлы Отан Соғысына қатысқан қандай қазақстандық батырларды білесіз?
8.Олардың ерлігі туралы не айтар едіңіз?