Бауыржан Момышұлы туралы мәтін құрап жаз. Мәтінде қаратпа, қыстырма, одағай сөздер болуы керек​

ЕлизаветаМахова ЕлизаветаМахова    2   13.04.2021 16:06    2

Ответы
kapitoshka202 kapitoshka202  13.05.2021 16:08

Бауыржан Момышұлы (1910-1982) - әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры. Ол 1932 жылы әскерге алынып, мергендік өнерді игереді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі болған Б.Момышұлы соғыстың соңгы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1956 жылы демалысқа шығып, шығармашылық қызметпен айналысады. Б.Момышұлы шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушы шығармаларының басты тақырыбы Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдау болды. Осы шығармашылық мақсаттың айғағы ретінде жазушы қаламынан туған «Офицер жазбалары», «Артымызда Мәскеу», «Үшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап», т.б. туындыларын айтуға болады. «Ұшқан ұя» кітабы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi