"Батыр Баян" поэмасы
1 - тапсырма.
1 – сұрақ. Батыр Баян монологіндегі риторикалық сұрақтардың қолданысын талдаңыз.
1.

2.

2 – сұрақ. «Қозым», «марқам» сөздері троптың (метафора, эпитет, теңеу т.б.) қай түрі екенін анықтаңыз және автордың қолдану себебін талдаңыз.

2 – тапсырма. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан берілген үзіндіден аргумент келтіріп, «Ноянды өлтіруге Батыр Баянды не итермеледі: ел намысы ма, әлде махаббат жолындағы қызғаныш па?» тақырыбында эссе жазыңыз. Сөз саны: 100

Ісімді мынау ағат немен жабам?
Қарабет болдым алаш баласына,
Ер дер ме енді мені Абылай данам?!
Тәтті бал, балауса тал жас сұлуды
Көр болғыр, екі көзім, көрдің неге?
Қозымды қас дұшпандай қудым неге?
Майысып Ноян қалқам, ерке марқам,
Қасқиып қарсы алдымда тұрдың неге?
Бауырыма тас жүрегім жібімеді-ау,
Бір ата, бір анадан тудым неге?
Салдырып шіріп қалғыр саусақтарым
Қанымен өз қозымның жудым неге?
Күнәсіз екі жасты өлтіргенше,
Өлмедім ішіп уын удың неге? Жоқ, әлде, жоқ... жоқ... Әлде...
Өлтірдім бе,
Інімді алты алаштың намысы үшін?!

Арқамдай жер жүзінде жер бола ма?
Айбынды алашымдай ел бола ма?
Інісі Ер Баянның жасық Ноян
Атадан азып туған дер болар ма?
Құл болса бір қыз үшін балдырғаны
Алашқа бұдан да ауыр шер бола ма?!
Дариға, жұбанамын жел ойменен,
Тартпадым сұм садақты бұл ойменен.
Тандырған мені есімнен ғашықтық қой,
Бір тынбай сұр жыландай жаным жеген.
Ел беті енді маған болсын арам,
Алашым, аттанамын, жауыңда өлем!» –

Khidjana95 Khidjana95    3   16.10.2020 05:51    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi