Батыр баян ноянның іс әрекетіне өз ойыныз​

AllRay1 AllRay1    2   13.01.2021 16:45    0

Ответы
андрюха87 андрюха87  13.01.2021 16:50

Бағана тура осындай сұрақтарға жауап беріп өткен едім. Тағы жаза кетейін.

1) Шынайы көркем образ, ордадағы және әскердегі ең беделді кісі.

2) Екі жастың ордадан қашып үлгеруіне уақыт берді. Оларды елде сөз болып, барлығының көзінше өлімнен қиғанша, сырт жақта, далада өлтірген дұрыс деп санады. Бір шетінен, інісін қимады, өзі де ол қызға ғашық болып қалған еді.

3) Дұрыс, ер жігіт екі сөйлемеуі қажет. Ол жігіттікке жат қылық. Ер жігіт - болашақ әке, ел қорғанышы, отбасы асыраушысы.

4) Ноянның алдында екі таңдау болды.

Біріншісі, елі үшін қызды өлтіру.

Екіншісі, махаббаты үшін құрбан болу.

Ол екіншіні таңдады. Оның да өз сүйген жарымен бақытты болғысы келді, отбасы құрғысы келді. Алайда ол жай ғана олар үшін мүмкін емес арман болды да қалды.

5) Егер мен Ноян орнында болсам, қандай жағдай болмасын, өз елімді таңдар едім, тіпті бүкіл өмірімді тек ел қорғауға, солардың бақыты үшін өмір сүрер едім.

6) Баян сөзінде тұратын, нағыз қазақ, нағыз ер жігіт. Ол Отаны үшін туған бауырынан да, махаббатынан да бас тартты. Ол отбасысынан бас тартты.

7) Жоқ, бар. Ол өз сезімдерін шетке ысырып тастап, ханның айтуымен, оларды өлтірді, өлтіргісі келмесе де.

8) Ол өзінің өліміне де саналы түрде барып, ел тыныштығына арнады. Жауға тойтарыс беріп, соңғы демі шыққанша берілмеді.

9) Поэманы өзгертер ойым жоқ. Себебі, бұл тарихи оқиға. Махаббат, талас-тартыс, жау шапқыншылығы. Осынысымен ол оқырмандарға, жас ұрпақтарға үлкен ой қалдырды. Отан қорғау, елге қызмет ету - барлығынан да жоғары.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi