Басты бет Кесте
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
4-тоқсан
«№14 ОМ» КММ
Ақмола облысы, Көкшетау Қ.Ә., Көкшетау қ.
7 Б

ҚА
АЯЖАН
ҚҰЗБАҚ
Оқушы
498 BilimBonus
4
Жеке кабинет
Online Mektep
Мемл.қызметтер
Көмек
Жаңалықтар
20 МАМЫР
ҚАЗАҚ ТІЛІБАЙГОЖИНА А.
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
САБАҚ
ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ
Чат ашу
«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология
Ғылыми фантастика. Пунктуация
Оқылым
Тапсырма
Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбы мен сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіріңіз.
Ғылыми фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр.
Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.
Фантастика (гр. phantasіa —– қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде қалыптасты.
Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль «Сөз туралы трактат» (1896) еңбегінде қолданды. Ол ғылыми поэзияның белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі Лукреций Кардың «Заттың табиғаты» поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. Поэзиядағы ғылыми фантастика жалпы фантастикалық арнадан бөлекше, философиялық-әлеуметтік бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ғылыми фантастика прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арналы саласына айналды.
Қазіргі қазақ әдебиетіне ғылыми фантастика дербес жанр ретінде XX ғасырдың 70–80-жылдары республика жазушыларының шығармалары арқылы қалыптасты. Зерттеушілер қазақ әдебиетінде ғылыми фантастика жанрының алғашқы белгілерін ертегілерден («Ер Төстік», «Ұшқыр кілем», т.б.), аңыздарын («Қорқыт ата», «Баба түкті шашты Әзиз», т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық қиялының ұшқырлығына тәнті болуда.
Мәтінге байланысты берілген тапсырмаларды орындаңдар
1.Мәтіндегі басты ой қандай?
2.Мәтін мазмұнына сәйкес мақал жаз 3.Мәтінге тиісті тыныс белгілерін қойып жаз.
Тегінде а ақыл ғылым ар
мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оз-
дым ғой демектің бәрі ақымақтық.
Абай
• Бірыңғай мүшелердің астын сыз.
4.Тиісті жауапты көп нүктенің орнына жаз.
Сөздің кімге айтылып тұрғанын көрсететін, тыңдаушының назарын аудару үшін қолданылатын сөйлемдегі оқшау сөзді дейміз.
5. Тиісті жауапты көп нүктенің орнына жаз.
Сөйлемдегі ойға сену, күмәндану сияқты түрліше мағына қолданылатын оқшау сөздердеп аталады.
[5]
Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, шағын мақала жазыңыз.
[10]
1) Жеңіс үшін жанын пида еткен ерлер мәңгі жадымызда. Ұлы Отан соғысының немесе тыл ардагерлерінің еңбегін баяндай отырып, жергілікті газеттің «Тұлғалар» айдарына мақала-портрет жазыңыз.
2) Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Эссе жазыңыз.
№ Дескриптор
1 Сұрақтарға жауап береді 1
2
3 Ықтимал жауабы: Ежелгі қазақ халқы қиялының ұшқырлығында шек жоқ. Шетел зерттеушілері оны қазақ ертегілері арқылы айқын көрген.
Бүгінгі технологиялардың көбінің сол аңыз, ертегілердегі халықтың арман-қиялынан шыққандығын білеміз. /Оқушы жауабы ескеріледі./ 1
1
3
4 Ықтимал жауабы: Оқырмандар арасында фантастикалық шығармалар көркем шығармаларға қарағанда танымал болады.
Оған себеп, фантастикалық шығармалар әртүрлі қиялдардан тұрады. /Оқушы жауабы ескеріледі./ 1
1
5 Оқырманға ерекше әсер береді.
Мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданады
Тақырыпқа сай дәлелдер келтіре алады
Аргумент қолданады
Ойын еркін әрі толық жеткізеді.
Күрделі әсерлерді жеткізе алады.
Техникалық қателерді жібермейді.
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданады
Ойын анық білдіре алады
Ойын толық жеткізеді
Барлығы 15
дайте ответ
в течение 3 чесов