"Баскиім - көшпелілер үшін ең қасиетті киім" тақырыбы бойынша дербес пікір жазу.
Ұлттық киім - бай тарихи, мәдени мұра. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты.
Қазақ халқы қай заманда болмасын бас киімге ерекше мән беріп, аса құрметпен қараған. Оған дәлел ретінде «бас киімді лақтырмау, аяқпен теппеу», «бас киімді басқа кісіге бермеу» секілді ырымдар мен тыйымдар күні бүгінге дейін сақталған. Қазақ халқында бас киім баршылықты білдіретін болғандықтан, оны оны жерге лақтырса, бақ таяды, бақ кемиді деп сенген. Қуанғанда бөркін аспанға лақтырып, күйрегенде жерге ұрып сүйініш пен күйініштің де белгісін баскиім арқылы аңғартқан. Бас киімді әрқашанда жоғары көтеріп, төріне ілген.
Қазақта бас киімнің түрі көп болған. Ер адамдар да, әйелдер де жасына лайық бөлекше киетін. Бас киіміне қарап хан ба, қара ма ажыратады. Мысалы, мұрақты тек арнайы мерекелерде бөріктің үстінен тек хандар киген. Өйткені мұрақ – тек хан-сұлтандарға, ел билеуші лауазымды тұлғаларға арнап тігілетін бас киім. Мұраққа қарап халық оның мансабын, дәрежесін анықтайтын болған.

Біздің үйімізде де атамның бөркі жоғарыда тұрады.