Башпай күйі қысқаша шығу тарихы

saskey saskey    2   07.09.2021 22:25    0

Ответы
КаРіНа765 КаРіНа765  07.09.2021 22:30

Атадан балаға жеткен қария сөздің айтуында "Башпай" Қорқыттың ең соңғы тартқан күйі еді дейді. Қырық жыл өлімнен қашқан Қорқыт ақырында Сырдың суынан сауға тауып, дарияның бетіне Желмаясының жабуын төсеп, соның үстінде қобызын сарнатып, ажалды аластап отырады ғой. Сол күндерде Қорқыттың Ақтамақ атты қарындасы дарияны кешіп, тамақ алып келіп тұрады екен. Бірде Қорқыт қарындасының дәмін татып отырғанда, алай-дүлей жел соғып, толқын тұрып, бұлардың берекесін алады. Сол бір аласапыран шақта Қорқыттың башпайы қарындасына тиіп кетеді. Байқаусызда болған жағдай өле-өлгенше Қорқыттың есінен кетпей, өзін күнәлі сезініп, пұшайман болады екен.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi