Балықшының ұлымын Сескенбеймін* дауылдан,
Селк етпейтін таудаймын.
Ақ теңізде айдыннан
Ақ сазандар аулаймын.
Батыр екен өзі деп,
Үлкендер де мақтайды.
Жетілетін кезі деп,
Талабымды жақтайды.
Ел сенімін ақтайтын
Балалардың бірімін.
Мәңгі тыным таппайтын
Балықшының ұлымын.​

Dangerrr Dangerrr    1   08.04.2021 10:46    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi