Балаға ат қою Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қарияға . немесе баланың
атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады. Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі
тілек-мақсаттарға
байланысты да болып келеді. Бала бай, дәулетті болсын деген
мақсатпен Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай, күшті де батыл болсын деп Арыстан,
Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар;
ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сияқты есімдерді таңдап қойған.
Көптеген есімдер халықтың әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып
келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай деген есімдер қойған.