Бабалар өсиеті эссе керек ​

drart77 drart77    2   11.03.2021 19:54    2

Ответы
нас86 нас86  11.03.2021 20:00

Ұлы Дала. Ғасыр­лар бойы ұрпақ өсір­ген кең-байтақ қазақ жері. Халқымыз оның қадір-қасиетін жақ­сы түсініп, жоғары бағалаған. Ол тек қана біз емген жер емшегі емес, ол біздің Отанымыз, көне заманнан бері ұрпақ өсірген ата-бабаның мекені. Мен қазақпын деп ешкімнен қымсынбай кең жайлап жүретін қасиетті кеңістік.

Қай заманда болса да қазақ халқы өз жерін қасық қаны қал­ғанша қорғай білген. Осыған байланыс­ты бір-екі аңыз бен та­рихи фактілерді айта кетсек артық бол­мас. Сонау көне за­мандардың бірінде қазақ еліне кемеңгер Мәді (Моде) басшы болған деген аңыз бар. Сол аңыз ұрпақтан ұрпаққа айтылып, бүгінгі біздерге жетіп отыр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Govnoegc Govnoegc  11.03.2021 20:00

Сол басшыға қазақтармен көрші отырған бір елдің патшасы нөкерлерін жіберіп Мәдіден өзінің ең сұлу әйелін және астына мінген тұлпарын беруді талап етеді. Мәді кеңесшілерін жинайды, бөтен елдің басшысының өктем талабын жеткізеді. Кеңесшілері Мәдіге бұлардың талабы бізге көрсеткен қорлық, оны орындауға болмайды, одан да сол елмен соғысқа шығайық деп ақыл айтады. Кемеңгер Мәді біраз ойланып отырып, бір әйелмен бір аттың құнына бола екі ел соғысып, қан төгіскені дұрыс болмас, сұрағанын беріңдер дейді көмекшілеріне.

Осыдан біршама уақыт өткен­нен кейін жаңағы көрші елдің өкіл­дері қайта келіп Мәдіге өз пат­ша­ларының қазақтан бір жер телі­мін талап еткенін жеткізеді. Мәді тағы кеңесшілерін жинайды. Ке­ңесшілері қазақ жері кең-бай­тақ, бір пұшпағын берсек одан тарылып қалмас, бергенің дұрыс д­еп кеңес береді. Кемеңгер Мәді жоқ олай етуге болмайды. Жер мемлекеттігіміздің негі­зі, аз-көп болсын бөтенге жер беру мемлекеттігімізді жоғал­та­ды. Соғыс ашамыз, ұрысқа дайын­далыңдар деп әмір беріп, ата-баба жерінің қадірін білмеген кеңесшілерінің басын алдырады.

Осы аңыз ұрпақтан-ұрпаққа жетіп қазақ халқының өзінің жерін асыл қазына, мұра деп қалай бағалайтынын айқын көр­се­тіп отыр. Шынын айтсақ бұл аңыз емес, бабалар өсиеті, оны орын­дау­­ға да­йын екендігімізді талай көр­­сеттік. Кешегі «ақтабан шұ­бы­рынды, алқакөл сұлама» кезінде қазақтың көп жерін жоңғарлар басып алды, бірақ ел есін жинасымен қазақ батырлары ұзаққа созылған соғыс ашып, сол жерлерді тегісімен қай­тарып алды. Яғни бабалар өсие­тін орындады. Кеше егемендік алған тұсымызда біздердің мекені­міз қазақ жері деген аты болмаса оның басқа елдермен шекарасы ай­тар­лықтай халықаралық шарт­т­ар­мен айқындалмаған еді. Осы­ның ар­қа­сында байтақ жатқан жері­мізге көз тігіп, иемденгісі кел­ген­дері де бол­ды. Оны біздер, еге­мен­дік­тің замандастары, жақсы білеміз

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi