Бақша ағаштары Ы. Алтынсарин Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп

жүрді.

- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.

- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, - деді атасы.

- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, -деді баласы.

- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе өнеге алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзукісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.

1. Әңгімеге қай мәтел сәйкес келеді?

A) тәрбие-тал бесіктен;

B) еңбек түбі-зейнет;

C) оқу-инемен құдық қазғандай;

D) білім көзі-кітапта;

1235124 1235124    3   22.12.2020 06:07    3

Ответы
ЗаНоЗа169 ЗаНоЗа169  21.01.2021 06:08

A) тәрбие-тал бесіктен;

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi