Баға беру М.Жұмабаевтың талантына сүйсініп, В.Я.Брюсов оны «қазақтың
Пушкині» деп атады. Ақынның жан-жақтылығына Брюсов: «Оның
поэзиялық таланты жоғары, табиғаттан дарыған. Оған қоса ма-
тематикадан, музыкадан, бейнелеу өнерінен білімінің тереңдігі ға-
жап!» деп таңырқаған. Сендер қандай ой қосар едіңдер?
Батыр Баянның інісі Ноян мен қалмақ қызын өлтіргені дұрыс шешім
деп ойлайсыңдар ма?
Поэманың тарихи сипаты туралы ой бөлісіңдер.
Батыр Баянның монологы сендерді қандай ойларға жетелейді?
Баянның орнында болсаңдар, қандай шешім қабылдар едіңдер?
Ноянның қалмақ қызымен кетуін сатқындық деуге бола ма? Пікірле-
ріңді білдіріңдер.