Б. Жабық тест тапсырмаларын орындаңдар . 1. 1948 жылы 14 мамырда Ұлыбритания Палестинадан өз әскер лерін алып кетісімен , еврейлер Израиль мемлекетінің құрылғанын жариялап , келесі күні Араб - Израиль соғысы басталады . Құрмалас сөйлемнің түрі , мағыналық қатынастары ( 2 дұрыс жа . уабы бар ) : 
 а ) көпқұрамды салалас құрмалас сөйлем 
 ә ) көпбағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем ; 
 б ) аралас құрмалас сөйлем ;
 в ) мезгіл және мезгіл мәнді қатынас ; 
 г ) мезгіл және себеп мәнді қатынас .
 2. Алғашында әскери қимылдар кезек сәттілікпен өтті : бірде Израиль әскері жеңсе , бірде араб әскері біраз жерді жаулап отырды . Құрмалас сөйлемнің түрі , мағыналық қатынастары ( 2 дұрыс жа уабы бар ) : 
 а ) аралас құрмалас сөйлем ; 
 ә ) көпқұрамды салалас құрмалас сөйлем ; 
 б ) көпбағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем ; 
 в ) түсіндірмелі және мезгіл мәнді қатынас ; 
 г ) түсіндірмелі және кезектес мәнді қатынас . 
 3. Көпқұрамды құрмалас сөйлем ( әр сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдап , пікіріңді дәлелде ) : 
 а ) Малала Юсуфзай 2013 жылы Ақ үйде Барак Обаманың қабыл дауында болды , БҰҰ - ның штаб - пәтерінде сөз сөйледі , ал 2014 жылы Нобель сыйлығымен марапатталды . 
 ә ) 2013 жылы Малала Юсуфзайды Ақ үйде Барак Обама қабыл дады , БҰҰ - ның штаб - пәтерінде сөз сөйледі . 
 б ) Нобель сыйлығының иегері Малала Юсуфзай 2013 жылы Ақ үйде Президенттің қабылдауында болып , БҰҰ - ның штаб - пәтерінде сөз сөйлеген .
 в ) Малаланы Ақ үй Президенті 2013 жылы қабылдайды , оқушы қыз БҰҰ - ның штаб - пәтерінде сөз сөйлейді , оған 2014 жылы Нобель сыйлығы беріледі .
 г ) АҚШ Президентінің қабылдауында болған Малала БҰҰ - ның штаб - пәтерінде сөз сөйлейді , бір жылдан кейін Нобель сыйлығын иеленеді . 
 4. Күрделі пікірді жеткізіп тұрған жай сөйлем ( әр сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдап , пікіріңді дәлелде ) :
 а ) Джамму мен Кашмир Үндістан , Пәкістан және Қытай шегаралары түйіскен аумақта орналасқан штат , тұрғындарының 90 пайызы мұсылмандар , штаттың өз туы және Конституциясы бар . 
 ә ) Джамму мен Кашмир тұрғындарының 90 пайызы мұсылмандар , орналасқан жері Үндістан , Пәкістан және Қытай шегаралары түйіскен аумақ , өз туы мен Конституциясы бар .
 б ) Үндістан , Пәкістан , Қытай шегаралары түйіскен жердегі Джамму мен Кашмир тұрғындарының 90 пайызы мұсылмандар , өз туы және Конституциясы бар .
 в ) Үндістан , Пәкістан , Қытай шегаралары түйіскен аумақта орналасқан , өз туы және Конституциясы бар Джамму мен Кашмир тұрғындарының 90 пайызы мұсылмандар .
 г ) Өз туы мен Конституциясы бар Джамму мен Кашмир тұрғын дарының 90 пайызы мұсылмандар , орналасқан жері Үндістан , Пәкістан , Қытай шегаралары түйіскен аумақ . 
 5. Бірыңғай мағыналық қатынастағы көпқұрамды құрмалас сөйлем ( мағыналық қатынастарды атап көрсет ) :
 а ) Альфред Нобель 1868 жылы динамитке патент алады да , ди намит шығарудан үлкен байлыққа кенеліп , оны журналистер « ди намит патшасы » деп атайды . 
 ә ) Нобель алдымен динамитке патент алады , содан кейін динамит шығару арқылы байлыққа кенеледі де , журналистер оны « динамит патшасы » деп атайды . 
 б ) Нобельге 1868 жылы динамитке патент берілгендіктен , ол ди намит шығарып байлыққа кенеледі де , оны журналистер « динамит патшасы » деп атайды . 
 в ) Динамитке патент алған Нобель оны жасап шығару арқылы байлыққа кенеледі де , « динамит патшасы » деп аталады . 
 г ) « Динамит патшасы » атанған Нобель бұл атаққа динамитке патент алып , үлкен байлыққа кенелу арқылы ие болған .
 6. Әрыңғай мағыналық қатынастағы көпқұрамды құрмалас сөй лем ( мағыналық қатынастарды атап көрсет ) : 
 а ) Қоңырау соғылған соң , оқушылар сыныпқа кірді де , мұғалім сабақты бастап кетті .
 ә ) Мұғалім жаңа сабақты түсіндірді , оқушылар сұрақ қойып , жаңа сабақ қорытындыланды . 
 б ) Үй тапсырмасы беріліп , оқушылар күнделігіне белгілеп , сабақ аяқталды . 
 в ) Ата - анасы жұмыстан келіп , балалары мектептен келіп , бәрі кешкі дастарқан басына жиналды . 
 г ) Бәріміз ас ішіп болған соң , мен анама көмектескеннен кейін , інім екеуміз ойынға асықтық .