Біздің жеріміз кең-байтақ. Онда алуан түрлі жануарлар мекендейді. Біздің елімізде арқар, барыс, қосаяқ, құлан, дала тасбақасы, саршұнақ сияқты жануарлар кездеседі. Алтай арқары — өте бағалы аң. Биік тау беткейлерін мекендейді. Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Оның жасын мүйізіндегі сақинасына қарап анықтайды. 12—14 жыл өмір сүреді.
Барыс — мысық тұқымдас жыртқыш аң. Ол басын мәңгі қар басқан тауларды мекендейді. Оның терісі бағалы. Қимылы жылдам, епті. Жемтігін қуғанда, 7—8 м биіктікке дейін секіреді.
Қосаяқ — кішкентай кеміргіш аң. Балқаш өңірінде тіршілік етеді. Сирек кездеседі.
Ол өсімдік дәнімен, жемісімен, қоңыз, шегірткемен қоректенеді. Қыстай денесіне жинаған майымен қоректеніп, ұйықтап жатады.Құлан шөлді жерді мекендейді. Алматы, Қарағанды хайуанаттар бағында бағылады. Түрікмен жерінен әкеліп жерсіндірілген.Ол есекке де, жылқыға да ұқсайды. Қазір қорғауға алынған.Дала тасбақасы шөлді жерлерді мекендейді. Ол қауіп төнгенде, басын сауытының ішіне жиып алады. 150 жылдай тіршілік етеді. Өсімдіктермен қоректенеді. Жылына 3—4 ай ояу, қалған уақытта ұйқыда болады.
Саршұнақ ашық дала кеңістігінде өмір сүреді. Олар ін қазып, топырағын сыртқа үйіп тастайды. Егінге көп зиян келтіреді. Бірақ оның терісі бағалы.
2-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр.Составь вопросы по тексту.
Қазақстанда қандай жануарлар мекендейді?
2.
3.
4.
5.
6.