Біздің тайымыз бар. Оның аты – Тұлпар, ол өте әдемі. Тайға ағам Алдияр және інім Хайдар мінеді.
Бір күні мынадай оқиға болды. Ағам мініп шауып келе жатқанда,
қалың қардың астынан сояудай темір тайдың тұяғының бір шетін
опырып түсіпті. Аяғы қатты қанады. Ағам сырт киімінің ішіндегі
күртешесін шешіп, тайдың аяғына байлайды. Үйге келген соң мал
дәрігері Елемес ағайды шақыртып, терісін тіктіртеді. Күнде ағам
тайдың аяғына дәрі жағады, қайта байлайды. Тайымыздың аяғы
кішкене жазылайын деді, бірақ әлі де қан ағады.
Мейрам жақындады. Менің ағам тайымызды бәйгеге
дайындады...Біз қатты қорықтық, себебі Тұлпардың аяғы ауырды ғой.
Мейрам күні ағам жарысқа тайымен қатысты. Жарыста біздің Тұлпар
бірінші болып келді. Үй – ішімізбен қатты қуандық.
1. Мәтінге ат қой
2. Мәтіннің негізгі ойын анықта
3. Тұлпар қай кезде, қандай жағдайда жараланды?
4. Ағасы тұлпарға қандай қамқорлық жасады?
5. Осы мәтінге сәйкес келетін мақал жаз​

d7175944p0ajvy d7175944p0ajvy    1   23.12.2020 10:23    20

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi